Жарнама
Жарнама

Озил Германия құрамасынан кететіні туралы жариялады

23.07.2018, 05:51
Жарнама
Жарнама
  Мезут Озил Германия ұлттық құрамасы сапынан кететіні туралы мәлімдеді.  Жартылай қорғаушының мәлімдеуінше, Неміс футбол одағы оған кемсітушілік пиғылдар танытқан. Озил Твиттердегі парақшасында: "Германия құрамасында өнер көрсетуімді тоқтатуым туралы шешім қабылдау маған қиынға соқты. Өзіме расистік және әділетсіз қатынасты сезіндім. Германия құрамасының жейдесін абыроймен және мақтанышпен кидім. Бұдан былай олай болмайды. Неміс футбол одағының шенеуніктері менің түп-тегімді сыйламай, мені түрлі саяси ойындарға араластырды. Мен футболды ол үшін ойнамаймын", - деген мәлімдеме жасапты.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров