Кеше түнде Елдор Шомуродов «Рома» мен «Атлетик» Бильбао арасындағы Еуропа Лигасының 1/8 финалының алғашқы кездесуінде маңызды гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Римдегі матчта өзбекстандық футболшы алаңға үзілістен кейін шыққан. Сөйтіп, ойынның 93-минутта шеберлігін паш етіп, өз есімін таблоға жазды. Матчтың өзі 2:1 есебімен аяқталған. Енді қос клуб 14-наурызда жауапты мачта кездеседі.
Айта кетейік, Елдор Шомуродов «Бунедкор», ресейдік «Ростов», итальяның «Дженоа», «Кальяри» сынды командаларының намысын қорғаған. Футболшының нарықтық бағасы 4 миллион еуро.
Біздің серіктес: FONBET