Жарнама
Жарнама

Осы маусымның басты жаңалығына айналған ТОП-5 ойыншы

Бұл маусымда біраз футболшы жанкүйерлердің көңілін қалдырды, бірақ көпті қуантқан футболшылар да аз емес.
Жарнама
Жарнама

2020/21 жылғы маусым ұзақ уақыт есте қалайын деп тұр. Әр түрлі себептерге байланысты. Маусым көрерменсіз басталды, матчтар жиі ойналды. Мұндай жағдайда біреу өзін жақсы жағынан көрсетеді, ал біреу жанкүйерлердің көңілін қалдырады. "Реал", "Барселона", "Ювентус" және "Манчестер Сити" маусымды нашар бастады және еурокубокте топ жару мүмкіндігі азайды. Лионель Месси нашар ойнап жүр, ван Дейк пен Киммих жарақат алды.

Бірақ біреулер жанкүйерлердің көңілін қалдырса, басқалары, керісінше, барлығын алғашқы минуттардан-ақ қуантты. Бүгін осы маусымның басты жаңалығына айналған жас таланттар туралы айтатын боламыз.

5. Тайлер Адамс ("РБ Лейпциг")


Соңғы жылдары америкалық футболшылар ТОП-5 лигада көбейіп кетті, ал "Нью-Йорк Ред Буллз" клубынан ауысқан Тайлер Адамс Бундеслигада өнер көрсетуде.

Ол "РБ Лейпцигке" 2019 жылы келді, бірақ негізгі құрамнан орын таба алмады. Бірақ сол маусымның соңында ол алаңға шығып, екі нәтижелі пасымен көзге түсті, оның бұл ойыны "РБ Лейпцигті" үшінші орынға шығарды. Содан кейін ол жарақат алып, жеті айға қатардан шығып қалды. Жаңа жаттықтырушы Юлиан Нагельсманн келгеннен кейін америкалық футболшының командағы нашар күндері артта қалды.

Адамс Чемпиондар лигасында "Атлетикоға" қарсы ойында дебюттік голын соқты. Алайда, ол өзінің голдарымен мақтанбайды, тек футболдан ләззат алу үшін ойнайды, сонымен бірге бүкіл команданың деңгейін көтереді. Оның үстіне, футбол ойнауы оның білім алуына кедергі келтірмейді - қазірдің өзінде ол психология саласында жұмыс істейді.

"Кейде жылдамдыққа бейімделе білу және түйсіктерге сену ең басты нәрсе болып табылады. Бапкерлер бізден тез бейімделуді және әртүрлі тактикамен ойнауды талап етті. Сондықтан мен қорғаныста жүрсем де, алаң ортасына шығып, қарсыластарыма қысым жасай аламын».

4. Алессандро Бастони ("Интер")


2016/17 жылғы маусымда "Аталантада" дебют жасаған Алессандро Бастони тез арада Италияның ең дарынды қорғаушыларының біріне айналды. 21 жастағы "Интер" ойыншысы өзінің шеберлігімен, тактикалық зеректілігімен және шабуылдағы ойынымен көпті таң қалдырады. Өткен маусымда ол екі гол соғып, ақыры Италия құрамасына шақырту алды.

"Интер" үш қорғаушы схемасымен ойнаса, Италия құрамасы төрт қорғаушы схемасымен өнер көрсетеді. Бірақ Бастони тактикаға тез бейімделе алады. Қазір "Ливерпульді" көптен бері қызықтырып жүрген ойыншы біртіндеп алға басуда. Оған Антонио Конте көмектесуде.

"Мен оның басшылығымен ойнағаныма өте ризамын. Мен физикалық және психологиялық тұрғыдан күшейе түстім. Мен өзіме бұрынғыдан да сенімдімін", деді Бастони.

3. Педри ("Барселона")


Педри енді ғана 18 жасқа толды және Ла Лига мен Чемпиондар лигасында гол соғып үлгерді. Рональд Куманның басшылығымен қиын кезеңнің қысымына қарамастан, ол жақсы жұмыс істейді. Оны қазірдің өзінде Мессиге ұқсатып жатқандар аз емес.

Жастардың негізгі құрамнан сирек шығуы таңқаларлық емес. Педри өзінің жан-жақтылығымен және тактикалық икемділігімен ерекшеленеді, соның арқасында Куман оны екі қапталда да, орталықта да қолдана алады. Қазір ол өзінің командаластары Серхио Бускетсті, Миралем Пянич пен Карлес Аленьяны айналып өтті.

Куман мұндай ойыншымен жұмыс жасағанына қуанышты екенін мәлімдеді: "Мен оны "Лас-Пальмастан" алғанын білдім және оның ойындарын көрдім, бірақ оның мұндай мықты ойыншы болып өсетінін ешкім де күткен жоқ".

2. Рис Джеймс ("Челси")


Рис Джеймс күтпеген жерден "Челсидің" негізгі ойыншысына айналды. 21 жастағы қорғаушы қазірдің өзінде Англия құрамасынан ойып тұрып орын алды. Тіпті Трент Александр-Арнольдті те алаңдатты. Сонымен қатар, Джеймс жартылай қорғаныста да ойнай алады. Ол осы маусымда бір гол соғып, бір голдық пас берді. Әсіресе Чемпиондар лигасында жақсы өнер көрсетті.

Фрэнк Лэмпардтың оған риза болуы таңқаларлық емес: "Оның ілгерілеу қарқыны керемет. Ол "Уиганда" болған кезде мен оны "Дербиге" шақырғым келді, бірақ ол нәтиже бермеді. Мен оған әрдайым тәнті болатынмын. Ол одан әрі өскісі келеді, менің ойымша, болашақта ол одан да күшейе түседі».

1. Кертис Джонс ("Ливерпуль")


2019/20 жылғы маусымда - Джонс алты ойында бір гол соғып, командасына соңғы үш онжылдықтағы алғашқы чемпиондық атағын жеңіп алуға көмектесті. 19 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда жиі ойнап жүр. "Аякспен" бооған матчта да жеңісті голды соққан осы жігіт. Сонымен бірге, ол клуб тарихындағы гол соққан ең жас үшінші ойыншы болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров