Жарнама
Жарнама

«Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин: чемпионаттағы мақсатымыз қателіктердің санын азайту

14.02.2025, 10:29

«Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин грузиялық «Телавиге» қарсы жолдастық ойынның нәтижесі туралы пікірін айтты.

"Ордабасы" - "Телави" кездесуінен
Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, шымкенттік ұжымның мақсат-міндеттерімен де бөліскен болатын.

«Жігіттердің жауапкершілікті сезініп, ойынға түзу қарайтыны қуантады. Қазір әрбір жолдастық кездесуді чемпионатқа дұрыс дайындалу үшін барынша сапалы өткізу маңызды. Футболшылар қателеседі бұл қалыпты дүние, сондықтан оқу-жаттығу жиындарында сол олқылықтардың орнын толтырсақ дейміз. Ал чемпионаттағы мақсатымыз қателіктердің санын азайту. Ойынның өзі жайлы көптеген ақпарат алдық, келесі кездесулердің алдында біраз дүниені түзеуге уақыт бар. Жалпы, ойыншылардың өнері көңілден шықты, енді соны жалғастыру маңызды болып отыр. Футболшылардың бүгінгі бәсекедегі талпынысына да ризамыз. Дұрыстап жіберетін ойынның бірнеше компоненттері бар, жалпы айтқанда дұрыс бағыттамыз», - деді молдовалық маман.

«Ордабасы» ҚПЛ-дің өткен маусымын 4-орынмен аяқтады. Енді жазда шымкенттік ұжым ел намысын Конференциялар лигасының іріктеу кезеңдерінде қорғамақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров