Жарнама
Жарнама

«Оқжетпестің» спорттық директоры қызметінен кетті

24.03.2021, 02:53
Оның орнына Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы келуі мүмкін.
Жарнама
Жарнама

Көкшетаулық "Оқжетпестің" спорттық директоры Ержан Джамбиров клубтан кетті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Бұған дейін 32 жастағы функционер еңбек демалысында болған еді, сондықтан ол команданың ОЖЖ-на қатыспады. Ержан мырза жұмысқа қайта шыққаннан кейін тараптардың өзара келісімі бойынша келісім-шарт өз күшін жойды. Сондай-ақ онымен бірге бірнеше әкімшілік қызметкерлері де клубтан кетіп қалды.

Джамбировтың орнын 28 жастағы маман және Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы футболшысы Бақдәулет Қожабаев басуы мүмкін.

Өткен маусымның нәтижелері бойынша "Оқжетпес" турнирлік кестеде соңғы орынға ие болып, Бірінші лигаға түсіп қалды. 2016 жылы Ержан Джамбиров "Астананың" спорттық директоры болып жұмыс істеген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров