Жарнама
Жарнама

«Оқжетпес» 19 жастағы қазақстандық шабуылшымен толықты

06.04.2021, 22:11
Шабуылшы былтыр Бірінші лигада төрт гол соққан болатын.
Жарнама
Жарнама

19 жастағы қазақстандық шабуылшы Әділжан Нұрбай көкшетаулық "Оқжетпес" клубымен келісім-шартқа отырды.

Әділжан бұған дейін Бірінші лигада Нұр-Сұлтан қаласының атынан өнер көрсететін СДЮСШОР 8 командасында доп тепті. Шабуылшы өткен жылы Бірінші лигада 12 матчқа қатысып, 4 гол мен 1 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Әділжан 2019 жылы Қазақстан U-19 құрамасына шақырту алып, бір матчқа қатысты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров