Жарнама
Жарнама

Оңтүстік Корея Қытай, КХДР және Жапониямен бірге 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ынталы

14.09.2018, 17:21
Жарнама
Жарнама
Футболдан 2030 жылғы әлем чемпионтын өткізуге қызығушылық білдіріп жатқан мемлекеттердің саны артып келді. Yonhap News таратқан ақпарат сүйенсек, Оңтүстік Корея әлем чемпионаты Азияда өткенін қалайды. Олар Солтүстік Корея, Қытай, Жапониямен бірлесіп өткізуді ұсынып отыр екен. Төрт мемлекет бірлесіп өткізу арқылы, Солтүстік-Шығыс Азия мен Корей түбегінің достығын арттырғымыз келеді, – дейді Оңтүстік Кореяның спорт министрі То Чон Хван. Бұған дейін Оңтүстік Корея 2002 жылы Жапониямен бірлесіп өткізген болатын. Одан кейін Азия құрлығы әлем чемпионатын қабылдамаған еді. Енді 2022 жылы Катарда өтеді. Сондай-ақ Оңтүстік Корея КХДР-мен бірлесіп, 2032 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдауға өтініш бермек. Бауырлас екі көрші мемлекеттің ынтымақтығын арттыру үшін Сеул мен Пхеньянда Олимпиада ойындарын өткізуге құлықты болып отыр. Бұған дейін 2030 жылғы әлем чемпионатын бірлесіп өткізуге Аргентина, Уругвай, Парагвай өтініш берген. Осы жылы футболдан әлем чемпионатының өткізілгеніне 100 жыл толады. Ең алғаш мундиальды 1930 жылы Уругвай қабылдаған.  Финалда Уругвай ме Аргентина ойнаған. Одан бөлек Африка құрлығынан Алжир, Марокко, Тунис бірлесіп өткізуге ынталы. Бұл қатарға жақында Испанияда қосылуға дайын отыр. Оңтүстік Еуропадағы мемлекет 2028 жылғы құрлық біріншілігін немесе 2030 жылғы әлем чемпионатының біреуін қабылдауға әзір көрінеді.Испания футбол федерациясының президенті Луис Рубиалес ФИФА бұл туралы хабарлама жіберген.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров