Жарнама
Жарнама

Олжас Керімжановтың қай командаға ауысатыны белгілі болды

24.02.2021, 01:54
Футболшы жаңа командасына еркін агент ретінде қосылды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының 31 жастағы қорғаушы Олжас Керімжанов Премьер-лиганың дебютанты "Тұранмен" келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Керімжановтың соңғы командасы "Жетісу" болды, талдықорғандық клуб сапында 2017 жылдан 2020 жылға дейін ойнады. Жалпы 77 матч өткізіп, 7 гол соқты.

Ол сондай-ақ "Ақ Бұлақ", "Оқжетпес", "Шахтер-Булат", "Қыран" және "Қайсар" командаларында ойнады. Соңғы жылдары Керімжанов үнемі Қазақстан құрамасына шақыртылып жүр. Жалпы ұлттық құрама сапында 5 матч өткізген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров