"Манчестер Юнайтед" бас бапкері Оле-Гуннар Сульшер клубтың трансферлік саясатына қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды Daily Mail.
-"Бұндай жағдайларда соңғы сөзді әр кез мен айтамын. "Манчестер Юнайтед" басшыларына менің сыртымнан шешім қабылдап, футболшы сатып алуына жол бермеймін. Егер ойыншы маған ұнамаса, оның клубқа еш пайдасы жоқ",- дейді норвегиялық маман.
Айта кетейік, "МЮ" АПЛ-да 25 ұпаймен 8-орында келе жатыр. Сонымен қатар, "қызыл сойқандар" Еуропа лигасында L тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Естеріңізге сала кетейік, дәл осы "Манчестер Юнайтедпен" бір топта "Астана" да бақ сынап, өз алаңында жеңіске жеткен болатын. Өкінішке қарай, елорда ұжымы 3 ұпаймен топта соңғы орын алып қалды.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET