Ардагер футболшы Владимир Пономарев осы жаңа ғана қызметінен кеткен Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов туралы пікірін ортаға салды.
«Черчесов өте сауатты, сапалы бапкер. Неге ғана сол бір ақымақ Қазақстанға барып қалды? Ол жақта ешқашан жақсы ойыншылар болған емес. Не үшін барғанын түсіне алмадым. Черчесов Венгрия, Польшада да жемісті жұмыс істеген. Ал Қазақстандағыдай футболшылармен ұшпаққа шыға алмайтыны анық болатын. Оларды футбол ойнауға үйрете алатын ба еді. Қазақтар бұл ойын үшін жаратылмаған. Олардың атқа мініп алып, имек таяқпен допты ұрып жүре бергендері жөн еді. Сондай ойындары бар еді ғой. Әйтпесе, қойды бір-біріне лақтырып жүре берсін. Ал футбол олардікі емес», - деді В. Пономарев.
Еске салсақ, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.
Біздің серіктес: FONBET