Бүгін "Ювентустің" ресми сайты қақпашы
Джанлуиджи Буффонның клубқа қайта оралғанын хабарлады. 41 жастағы футболшы өзінің бұрыңғы клубымен 2020 жылдың 30 маусымына дейін, яғни 1 жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Естеріңізге сала кетейік, Буффон 2001 мен 2018 жылдар арасында Турин клубының намысын қорғанан еді. Ал өткен маусымда Париждің "ПСЖ" клубы сапында өткізді. Буффон "ескі сеньора" жейдесінде 9 рет Италия чемпионы, 4 рет Италия Кубогының иегері атанған.
Шамкен БАЙЫРБЕК.