Жарнама
Жарнама

Ол ешқайда кетпейді! Эрик тен Хаг - "Аякспен" келісім-шартын ұзартты

20.06.2019, 23:43
Жарнама
Жарнама
Санаулы сәттер бұрын ғана "Аякс" клубының ресми сайты бас бапкер Эриком тен Хагпен арадағы келісім-шартты ұзартқанын мәлімдеді. Енді оның мерзімі 2022 жылға дейін жарамды. Естеріңізге сала кетейік, 49 жастағы маман "Аякс" тізгінін 2017 жылдың желтоқсанында қолға алған еді. Оған дейін клубты Марсел Кайзер жаттықтырып келген. Биыл Эриктің жетекшілігімен клуб араға 5 жыл салып Голландия чемпионы атанды, әрі Кубокті де қанжығаға басты. Оған қоса Чемпиондар лигасында жартылай финалға дейін жетіп, күтпеген жерден "Тоттенхэмге" жол берді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров