«Зениттің» бапкерлік құрамындағы украиналық маман Анатолий Тимощук Нұралы Әліптің өнеріне баға беріп, Қазақстан құрамасы футболшысының «Манчестер Юнайтедпен» байланысты сыбысқа қатысты пікірін айтты.
«Өте сапалы футболшы. «Қайраттағы» кезінен жақсы танимын. Сол кезден бастап ерекшеленіп тұратын. Қазақстан футболының таланты және РПЛ-дегі көрсеткіштерімен сіз бен біздің елімізде жоғары бағаланады. Алған бетінен таймайтын шығар деп үміттенемін.
Шеберліктің шегі жоқ. Егер лайықты ұсыныс түсіп жатса әрі оның өзіне ұнаса біз футболшыны тек қана қолдайтын едік. Бұл тек сыбыс болып шықпай оның барлық арманы мен еңбегі ақталса деп үміттенеміз», - деді А. Тимощук.
Нұралы Әліп осы маусымда питерлік клуб сапындағы 18 матчта 1 гол соғып, бір ассист берген.
Біздің серіктес: FONBET