Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Әзербайжан біріншілігіндегі бірінші ресми ойынында-ақ шеберлігін паш етті.
Кеше отандасымыз «Сабах» сапында «Сумгайтқа» қарсы кездесуде алаңға шығып, қақпасын голдан аман сақтап қалған болатын. Бұл Әзербайжан кубогының ширек финалының аясындағы ойын болатын. Командалар енді қарымта кездесуін аядың аяғында 27-ақпанда өткізбек.
Айта кетейік, Стас Покатилов жуырда «Сабах» сапына ауысқан. Ол осыған дейін «Тобыл», «Ақтөбе», «Қайрат», «Шахтер», «Ақжайық» және Ресейдің «Ростов» клубында өнер көрсеткен еді. Стас Покатилов қазір ұлттық құраманың бірінші нөмірлі қақпашысы саналады.
Біздің серіктес: FONBET