Жарнама
Жарнама

Никола Ракоевич: «Астана» - нақты фаворит»

11.07.2018, 15:35
Жарнама
Жарнама
УЕФА Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы «Астана» – «Сутьеска» командалары арасындағы матч алдындағы баспасөз мәслихатында черногориялық команданың бас бапкері Никола Раоевич ойынтуралы өз пікірін білдірді.

— Біз «Астана» командасының алдағы кездесуде фаворит екендігін жақсы білеміз. Себебі, қарсылас команданың еуропада жинаған иәжірибесі жеткерлік. Жақында ғана біздің команда құрамынан бес бірдей ойыншы кетіп қалды. Ал «Астананың» бізбен салыстырғанда, бюджеті 30 есе көп. Ал біздікі тиісінше бір миллионға да жетпейді. Осы факторларды есепке алатын болсақ, екі команда арасындағы ертеңгі кездесуде «Астана» - нақты фаворит. Дегенмен, мен ешқандай жағдайға қарамастан өз ойыншыларыма сенім артамын. Біз «Астана» командасының соңғы ойындарын талдап шығып, осал тұстарын аңғара білдік. Сол олқылықтарын ертең пайдалануға тырысамыз. «Астана» физикалық деңгейі өте жоғары команда.

— «Астана» командасының нақты қандай ойындарын тамашаладыңыз?

— Мен «Астана» командасының шотландиялық «Селтикке» қарсы ойынын қарадым. Ол кездесуде «Астана» өзін жақсы көрсете білді. Мен ертең олардың дәл солай ойнағанын қаламаған болар едім.

— Нақты қандай осал тұстарын байқағаныңызды айта аласыз ба?

— Сіздер сол ойында үш гол жіберіп алдыңыздар. Бұл нені көрсететінін түсінген боларсыз...

— Ертеңгі кездесуде өздерін жақсы қырынан көрсете алған «Сутьеска» ойыншылары Қазақстандық клубтардан шақырту алуға мүмкіндіктері бар деген сыбыс бар...

 — Ол әрине мүмкін. Егер біздің ойыншыларды қазақстандық клубтар қызықтыратын болса, мен қуанышты болар едім. Себебі, олар жақсы ойын көрсетті деген сөз. Мен ылғи да өз футболшыларыма тек жақсылық тілеймін.

— Келесі кезеңге өтпей қалсаңыздар. Ол сіздер үшін қаншалықты қайғылы жағдай болмақ?

— Жеңіліп қалу – ешқашан жақсы емес. Біз жеңіске жету үшін барлығын жасауға тиіспіз. Бұл бізге берілген мүмкіндік. 

fcastana.kz

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров