«Астана» мен Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Ненад Эрич биылғы біріншіліктегі басты фаворит ретінде қай командаларды көретіні туралы айтты.
«Менің ҚПЛ-дегі топ-5 командам дейсіз бе? Бұл туралы айту әлі ерте, себебі чемпионаттың басталғаны кеше ғана. Командалардың аяқ-алысын қарап көру керек. Бірақ, меніңше бірінші орынға биыл «Астана» мен «Қайрат» таласатын сияқты», - деп ойын түйіндеді Н. Эрич.
Айта кетейік, Ненад Эрич 2010-жылы «Қайраттың» жейдесінде бір маусым өнер көрсетіп, кейін қатарынан 10 жылын «Астана» командасында өткізген болатын. Биылғы біріншіліктегі алғашқы ойындарын қос клуб бір-бірімен өткізген – «Астана Аренада» болған бәсеке 1:1-мен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Марин Томасов, ал «Қайраттың» голын Дастан Сәтпаев салды.
Біздің серіктес: FONBET