Жарнама
Жарнама

Ненад Бьелица: "Әр жеңіліс-қуаныш әкелмейді, бірақ, біз жеңіс арқылы өзімізге қолайлы жағдайды жасап алдық"

14.08.2018, 05:35
Жарнама
Жарнама
Хорватиялық "Динамо Загреб" клубының бас бапкері, Елордалық "Астанаға" қарсы ойын алдында баспасөз құралдарына сұхбат берді. -Біздің қазіргі көңіл күйіміз өте жақсы. 2-ойын қатарынан жеңіске жеттік, біреуі хорватия чемпионатында болса, екіншісі Астанаға қарсы сырт алаңдағы тамаша жеңісіміз. Бұл ойындардың қорытындысы бізге үлкен сенімділік береді. Егер осы қарқынымыздан таймасақ ішкі біріншілік пен қоса Чемпиондар Лигасында да жақсы өнер көрсетуге болады. Ал, ертеңгі ойынға барлық футболшылар дайын. Қонақта жеңіске жеттік деп босаңсуға болмайды. "Астана" үйде жеңілгенімен, сырт алаңда мүлде басқаша өнер көрсетуі мүмкін. Сондықтан бар күшімізді осы кездесуге сақтадық. Алда 90-минут бар, сол уақыт арасында өзімізді жақсы жағымыздан көрсетуге тырысамыз. -Ертеңге ойынға барлық футболшылар дайын ба? -Астанаға қарсы ойнаған футболшылардың ішіндегі, Фиоличтің кішкене жарақаты бар. Ол ертеңгі матчқа толықтай дайын болып, Астанаға қарсы жеңіске жетуді ғана ойлап отырмыз. - Дани Ольмның шеберлігін қалай атап бере аласыз? -Ольмда ерекше талант бар, ол доппен сенімді қадамдар жасау арқылы командаға жеңіс сыйлады. Оның орта тұстағы кеңінен көсілуі болашақта да өз жемісін беретіндігіне сенемін. Алайда оған Еуропа алаңдарында доп тебу үшін, көп тер төгуі қажет. -Футболдағы дәстүрге сай, сіз "Динамо" сапында емес, Осиек клубының сапында ойнап, Загребтік клубқа бапкер болдыңыз. Оған қоса осы жылы Чемпиондар лигасында, топ клубтар мен мықты бапкерлердің ұжымдары күтіп тұр. Сіз команданың алға қойған мақсаттары алдында осындай үлкен қадамдар жасаудан қорықпайсыз ба? -Егер бапкер нәтижеге жұмыс жасайтын болса, ол дұрыс жолда деген сөз. Мен бұл клуб сапында ойнасамда, өзімнің жинаған тәжірибелерім көмектеседі деп ойлаймын. Себебі, 4-елдің клубында бас бапкер болып қызмет атқардым, бұның барлығы менің сенімділігімді оятады. Және осы команда да ерекше жетіске жетуді мақсат етемін. -Сіз ертеңгі ойында команда қақпасын кім қорғайтының шештіңіз бе? -Жоқ. Менің құрамымда өте жақсы футболшылар бар, анығын ертең көресіздер. -Сіз алғашқы ойыннан кейін, әлі матч тағдыры шешілген жоқ дедіңіз. Егер, Астана ертеңгі матча сенсация жаса қалай болмақ? -Егер, әр ойында жеңіліс тауып отырсаң, ол қуаныш әкелмейді. Сол үшін Динамо үйде де қауқарлы команда. Біздің клуб, біздің жанкүйерлер, біздің күш-қуатымыз пен ойыншыларымның бойындағы сенімділік әрқашан жеңіске итермелейді. -Сіздерге жанкүйерлердің қолдауы қаншалықты әсер етеді? -Ертеңгі ойында жанкүйерлердің бізді қолдайтындығына сенемін. Біз Астананың, Биер-Шевенің фанаттарының ерекше қолдауларын көрдік. Біздің жанкүйерлерде олардан қалыс қалмай, ерекше атмосфера туғызатындығына сенемін.

Дайындаған Әлішер Хабидолла

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров