![](https://sun9-2.userapi.com/c635103/v635103358/2eefe/tSVjwGZTKZg.jpg)
«Астана» - «Динамо Загреб» арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін хорватиялық команда бас бапкері Ненад Бьелицаның қатысуымен баспасөз жиыны өтті:
— Мен өз ойыншыларыма күмән келтіген емеспін. Біз өз алаңында өте жақсы ойын өрнегін көрсетіп келе жатқан командаға қарсы қиын кездесу боларын білген едік. Жасанды алаңға үйренісу оңай болған жоқ. Бірінші таймның соңына таман алаңға үйренісіп, қажетті голды соға алдық. Ал екінші таймда барынша допты бақылауда ұстап, лайықты нәтижеге қол жеткіздік.
— Шабуыл шебіндегі ойыншыларыңызға көңіліңіз толды ма?
— Бұдан да ірі есеппен жеңіске жетуге болар еді. Әрқашан жақсы ойын көрсетуге болады.
— Израильдік комнадамен салыстырғанда, «Астанаға» қарсы ойнау қиын болды ма?
— «Хапоэль» мен «Астана» — өз алаңдарында керемет қолдаушылары бар, мықты командалар. Маған қай командаға қарсы қиын болғанын айту өте қиын. Екі командаға қарсы өткізген ойындар оңайға соққан жоқ.
— «Астанадан» өттік деп есептейсіз бе?
— Жоқ, алда 90 минут тартысқа толы ойын бар.
— Сіздің командаңыз өз алаңында қорғаныстан ойнайды ма?
— Ол жағын көреміз. Біз өзіміздің хорватиялық жанкүйерлерімізге сенім артамыз. Олар әрдайым бізді алға жетелейтін болады.