Жарнама
Жарнама

Неміс клубтарының атаулары қайдан шыққан?

Неміс футболының тарихы тереңде жатыр. Клубтарының атаулары да әртүрлі. Тіпті күлкілі оқиғалардан пайда болған атаулар да жеткілікті. Соларға шолу жасап өтсек.
Жарнама
Жарнама

«Ян», Регенсбург

Атауы қызық команданың бірі – «Ян». Негізі клубтың толық атауы «SSV Jahn 2000 Regensburg e.V.». Бірақ мұншама ұзақ атаудың көптеген кедергілерге әкелетінін білген басшылар қысқартып «Ян» дей салған. Бұл ұжым Бавария аумағындағы 150 мың тұрғыны бар Регенсбург қаласының командасы. XIX ғасырда өмір сүрген Фридрих Людвик Ян Германияда гимнастиканың кең тарауына зор септігін тигізген. XIX ғасырдың алғашқы жартысында Напалеоннан көп зардап шеккен Пруссия халқының еңсесін тіктеу үшін Ян спортпен шұғылдану қажет екенін айтады. Регенсбург қаласына нақты көмегі тимесе де, жергілікті спортшылар Янды құрметтеп, ашқан футбол клубтарына оның есімін берген.

«Герта», Берлин

1992 жылы 25 шілдеде бір топ жас студенттер өздерінің спорт клубын құрғысы келді. Фриц және Макс Линдерлер және Отто мен Вилли Лоренцтер клубтың атауы қалай болатыны жайлы көп дауласты. Сосын шешімге келе алмай тұрған тұста, өздерінің қандай кемемен жүзіп келгендерін естеріне түсіреді. Кеменің аты «Герта» еді.

«Герта» негізі «Нертус» деген сөзден шығады. Ол ежелгі грек мифологиясындағы құдайдың есімі. Жолдастары ФРицтің бұл ұсынысын қабыл алып, команданың атын «Герта» деп қояды.

«Унион», Берлин

1906 жылы 17 маусым күні үш клубтың қосындысынан «Олимпия» деген футбол клубы пайда болады. Бұл команда жеке дара жарыстарға қатыспай, тек ірі клубтардың жастарын тәрбиелейтін қосалқы команда болып жүрді. Ал 1909 жылы бұл командаға тағы да бірнеше клубтың жастары келіп қосылады да, клуб «Унион» деген атау алады. Жастары да, тәжірибиелі ойыншылары да көбейіп кеткеннен кейін өзі жеке дара кәсіпқой клуб болып, жарыстарға қатыса бастады.

«Арминия», Биелефельд

Біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырында өмір сүрген батыр Арминия ежелгі герман тайпаларын басқарды. Ол Тевтобург орманы ішінде Рим әскерімен бетпе-бет кездесіп, қолбасшылық айласын көрсетті. Атақты Квинтилий Вар басқарған Рим әскерін жеңгеннен кейін оның атағы алысқа шапты. Ал Билефельд қаласы дәл осы шайқас болған Тевтобург орманының орнына салынды. Сондықтан да, футбол клубының аты «Арминия».

«Карл Цейсс», Йена

Немістің атағы көпке тараған тағы бір тұлғасына клуб аты берілген. Карл Фридрих Цейсс немістің атақты инженері, ол оптика саласының дамуына көп еңбек сіңірді. Ол Йена қаласында Zeiss компаниясын құрып, әртүрлі линзалар шығара бастады. Карл Цейсс 1888 жылы Йена қаласында дүниеден озды. Оның есімі осы қаланың тарихында алтын әріптермен жазылған. Ал 1903 жылы құрылған футбол клубына осы кісінің есімі берілді. Бұл команда қазір 3-ші бундеслигада ойнайды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров