"ПСЖ" мен Бразилия құрамасының жұлдызы Неймардың жарнамалық табыстарының толықтай дерлігі ата-анасына кетеді.
Folha de Sao Paulo атты бразилиялық басылымның хабарлауынша, өткен маусымда ойыншының жарнамалық табысы 20 миллион еуроны құраған. Алайда, Неймардың 13 демеушісінен түсетін қаржының бәрі өз бақылауында емес екен. Табысының осы түрінен түсетін қаржының 85 пайызы әкесі Неймар да Силва Сантос басқаратын NR Sport компаниясының есебіне аударылады. Бұл компанияға Неймардың анасының да қатысы бар екен.
Жарнамалық табысының 18 пайызы ғана Неймардың өзіне тиесілі. Табыстың аталған түрінің осылайша бөлінуін 2006 жылы ойыншының 14 жасында ата-анасы шешіп қойған екен.