Соңғы кездері Бразилия ұлттық құрамасы мен француздық "ПСЖ"-ның жұлдызды шабуылшысы Неймардың Парижге көшкеніне өкінетіндігін әрі мадридтік "Реалдың" сапына ауысатыны жайында еуропалық басылымдар жарыса жазған еді.
Алайда осы жексенбіде жақында ғана париждік клубтың бас бапкері болып тағайындалған Томас Тухельмен болған кейінгі әңгімеден соң, Неймар Парижде қалатыны жайында шешім қабылдады.
"Иә, Неймар маусымның басында Францияда өзін бақытты сезіне алмады, әрі осы іс-әрекетімен мадридтік клубқа көшетіні туралы біраз жалған ақпараттың шығуына себепкер болды. Ол "Барселонадағы" алғашқы маусымында да өзін осылай ұстаған. Оған бір жерге үйрену үшін уақыт керек. Жексенбіде Тухельмен болған әңгімеден соң ол өзінің болашағы дәл осы "ПСЖ"-мен байланысты екенін түсінді"-деп хабарлайды испандық журналист Гильем Балаге.
Руслан Мералиев