Sky Sport Italia сайтының мәліметінше 23-жасар жас испандық 2024-жылға дейін келісім-шартқа қол қояды.
Фабиан Руис "Испания" жастар құрамасы сапынан оралғасын, Италиялық клубпен келісім-шартын ұзартады. Бұл туралы футболшының өзі де растап отыр.
Фабиан Руис осы маусымда "Серия А"-да 27-матчта алаңға шықты. 5-гол салып , 4-нәтижелі пастың авторы атанды.
Естеріңізге сала кетсек жас испандыққа Мадридтік Реалдың өзі қызығушылық танытқан болатын.
Дайындаған: Әлішер Хабидолла