Жарнама
Жарнама

"МЮ" жанкүйерлері "Олд Траффорд" үстінен клуб басшылығына қарсы баннермен ұшақ жібереді

23.08.2018, 12:47
Жарнама
Жарнама
  "Манчестер Юнайтед" жанкүйерлері Англия чемпионатының "Бернли" клубына қарсы болатын кездесуінде баннер ілінген ұшақ ұшыратын болды. Daily Telegraph-тың хабарлауынша, баннердегі мәтін клубтың вице-президенті Эд Вудвард пен клубтың иегері Глейзерлерге арналған. Баннерде: "Эд, кет - "Юнайтедті" сүй, Глейзерді жек көр", - деген мәтін болады екен. Бұған дейін де "МЮ" жанкүйерлері 2014 жылы дәл осындай әдіспен бас бапкер Дэвид Мойестің қызметтен кетуін талап еткен болатын. Бас бапкер бір айдан кейін қызметінен босатылған еді.    
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров