"Манчестер Юнайтед" пен "Барселона" өзара ойыншылар алмастыруы мүмкін.
DonBalon басылымына сілтеме берген, "Спорт-Экспресстің" хабарлауынша, Моуриньо "МЮ" басшылығын Поль Погбаны Иван Ракитичке айырбастауға талпыныс жасауға көндіріпті. Өз кезегінде каталондық клуб та француздық ойыншыға қызығып отыр екен. Қазіргі уақытта "Барселона" аталған трансферлердің тиімділігін ойластыруда екен. Каталондықтарға тиімдісі, Погба Ракитичтен 1,5 жасқа кіші екен. Сондықтан, Погбаның алыс болашаққа құрылатын жобаларға тиімділігі жоғары деп бағаланатын көрінеді.