Моуриньо бас бапкерлік қызметтен кетеді деген қауесеттер "МЮ-дің" "Брайтоннан" жеңілісінен кейін тарай бастаған болатын. Кеше манкунияндықтардың "Тоттенхэмге" 0:3 есебімен жеңілуі, португалдық маманның қызметінен кету ықтималдығын арттыру керек болған. Алайда, The Guardian-ның хабарлауынша, клуб басшылығы Моуриньоға қолдау көрсетіп, сенім білдіре береді. "МЮ" басшылары команданың "Брайтоннан" жеңілгеннен кейін "Тоттенхэмге" қарсы өткізген бірінші таймдағы ойын деңгейіне риза болған көрінеді.
Осылайша, аталған басылымның хабарлауынша, "МЮ-дің" 15 қыркүйекте өтетін "Уотфордқа" қарсы кездесуіне дейін Жозе өз қызметін сақтап қалады-мыс.Біздің серіктес: FONBET