Жарнама
Жарнама

Мыңыншы матч қашан болады?

25.06.2018, 04:02
Жарнама
Жарнама
22 маусым күні өткен Бразилия – Коста-Рика (2:0) кездесуі әлем чемпионаттары тарихындағы 850-матч болды. Жалпы, биылға дейін болған жиырма әлем чемпионатында (финалдық турнирлер) ұзын-ырғасы 826 ойын өтіпті. Оның ең біріншісі 1930 жылдың 13 шілдесінде ойналды. «Дөңгелек санды» кездесулердің тізімі мынадай: № Матч Кезең Күн 1-матч Франция – Мексика – 4:1 топ 13.07.1930 100 Австрия – Уругвай – 3:1 3-орынға 03.07.1954 200 Англия – Германия – 4:2 финал 30.07.1966 300 Италия – Австрия – 1:0 2-кезең 18.06.1978 400 Аргентина – Уругвай – 1:0 1/8 финал 16.06.1986 500 Грекия – Нигерия – 0:2 топ 30.06.1994 600 Оңт.Корея – АҚШ – 1:1 топ 10.06.2002 700 Уругвай – Франция – 0:0 топ 11.06.2010 800 Коста-Рика – Англия – 0:0 топ 24.06.2014 Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі турнирлерде 17, 18 ойын ойналса, 50-60-жылдары әр додада 32 кездесу өтетін деңгейге жетті. 70-жылдары ойындар саны 38 болса, 80-жылдары қатысушылар санының артуына орай, 52 матч ойналатын болды. 1998 жылы әлем чемпионатына 32 команда қатысатын болған соң, бір турнирдегі кездесулердің саны 64 болды. Биылғы чемпионатта да 64 матч өткізіледі. Яғни, дода соңында ойындардың жалпы саны 890-ға жетеді. Демек, 900-матчты тек 2022 жылы ғана көре аламыз. Ал мыңыншы матчқа 2026 жылы куә болатынымыз анық.

statsport.kz

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров