![](https://sun9-1.userapi.com/c635103/v635103114/4519b/AB7QIwHQcTA.jpg)
Чемпиондар Лигасы аясындағы «Динамо Загребқа» қарсы кездесу, жартылай қорғаушы Серікжан Мужиковтың «Астана» жейдесіндегі 150-ші ойыны ретінде тіркелді.
Мужиков елорда командасы сапына 2014 жылы қосылып, 2015 жылғы маусымды «Қайсар» сапында бастап, артынша «Астана» құрамына қайта оралды.
Мужиков елорда командасы сапында 4 мәрте ел чемпионы атанып, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, өткен жылы Еуропа Лигасының 1/16 финалына шықты.
Мужиков осы 150 ойынның 42-сін еурокубоктер аясында өткізді. Серікжан төрт дүркін Қазақстан чемпиондары сапында өткізген ойындарда 15 гол соғып, 25 нәтижелі пас берген.