Нигерия құрамасының шабуылшысы Ахмет Мұса Сауд Арабиясының "Әл-Насыр" клубына ауысуы мүмкін.
Шабуылшының қызметіне "Әл-Насыр" клубы кәдімгідей қызығушылық танытып отырған көрінеді. "Спорт-Экспресс" басылымының хабарлауынша, трансфердің құны 33 миллион еуроны құрауы мүмкін. Ойыншының клубпен жеке келісім-шарты бойынша ақпарат ресми мәлім болмағанымен, Мұса африкалық ең табысты футболшы атануы мүмкін.
Ахмет Мұсаағылшындық "Лестер" клубына тиесілі ойыншы. ӘЧ-2018-де құрама сапында сәтті өнер көрсетуі шабуылшының қызметіне қызығушылардың артуына себепкер болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, "Астана" сапында өнерімен қазақстандық жанкүйерлерге танымал шабуылшы Жуньор Кабананга "Әл-Насыр" клубының ойыншысы саналады. Алайда, ағымдағы жылдың шілдесінен бастап конголық шабуылшы елордалықтар сапына біржылдық жалға қайта алынған болатын.