Испаниялық шабуылшы Альваро Мората "Милан" сапына ауысуы ықтимал. Альфредо Педулья есімді журналистің жазуы бойынша Альваро италиялық клубқа ауысуға келісімін беріпті. Осының алдында ғана әлемдік БАҚ "Милан" клубының спорттық директоры Массимилано Мирабеллидің "Челси" кеңсесіне келгені жайлы жазған еді. Енді клубтар арасындағы нақты шешім жария етілуі тиіс.
Естеріңізге сала кетсек, Альваро осыған дейін де Италия чемпионатында өнер көрсеткен. Ол "Ювентус" сапында 63 ойын өткізіп, 22 голдың авторы атанып еді. Ал "Милан" басшылығы қазір Дженнаро Гаттузоны қызметінен алып тастап, оның орнына Антонио Контені шақырмақшы.