Жарнама
Жарнама

«Монако» 30 ойыншысын сатуды жоспарлап отыр

22.05.2020, 18:19
«Монако» футбол клубы құрамды түгелімен жаңартпақ ойы бар.
Жарнама
Жарнама

"Footmercato" басылымының хабарлауынша, "Монако" футбол клубының вице-президенті және бас менеджері Олег Петров команданың 30 ойыншысын сатуды жоспарлап отыр.

Келесі маусымнан бастап "Монако" бірінші лигадағы ойыншыларға жалақы төлеу жағынан ПСЖ-дан кейінгі екінші орынды алады. Сондықтан клуб басшылығы құрамды жаңартуды жоспарлап отыр.

Егер жақсы ұсыныстар түссе, "Монако" футбол клубы ең жоғары нарықтық құны бар ойыншыларды, соның ішінде Бенуа Бадиашиле, Виссам Бен-Йеддер, Беньямин Хенрикс, Юссуф Фофана және Фоде Балло-Турені сатқысы келеді. Сондай-ақ, клуб жалға жіберген ойыншылардан да арыла алады.

Естеріңізге сала кетейік, 28-турдан кейін Франция чемпионаты аяқталған болатын. "ПСЖ" чемпион деп танылса, «Монако» 40 ұпай жинап, Франция біріншілігінде 9-орынға тұрақтады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров