Жарнама
Жарнама

Молдақараев "Ордабасыға" ауысты

19.07.2018, 01:18
Жарнама
Жарнама
"Тобыл" клубымен келісім-шартын үзген шабуылшы "Ордабасы" құрамын толықтырды. KazFootball.kz сайтының хабарлауынша, Қызылорда футболының түлегі Жасұлан Молдақараев шымкенттік клубтың қатарына ауысты. Жақында ғана Қостанайдың "Тобыл" ФК-нан босатылған шабуылшы өзінің кезекті клубына ауысып жатқан көрінеді. Әзірше, ақпарат тараптар жағынан ресми мәлімдемемен нақтыланбағанын хабарлаймыз. Жалпы шабуылшы ҚПЛ-да 2007 жылдан бері 214 ойын өткізіп, 27 гол салған екен.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров