Жарнама
Жарнама

Модричтің "Реалмен" жаңа келісім-шарты бойынша ақпарат жария болды

12.08.2018, 00:01
Жарнама
Жарнама
"Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модрич клубпен жаңа келісім-шартқа қол қоюы мүмкін. Marca-ның хабарлауынша Модрич "Реалмен" келісім-шарт мерзімін ұзарту туралы келісіп қойған. Бұл ақпаратты AS басылымы да растады. Жаңа келісім-шарт бойынша Модричтің жылдық жалақысы 6,5 миллион еуродан 10 миллионға дейін өсетін сыңайлы. Дәл осындай жалақы Серхио Рамосқа төленеді екен, мадридтіктер сапында одан көп жалақыны Гарет Бэйл алады екен. Алайда, хорват ойыншысын миландық "Интер" алғысы келіп отыр. "Интер" Модричке алты жылдық келісім-шарт ұсынып отыр: төрт жылы "Интермен", қалған екі жылы "Цзянсу Сунин" клубымен екен. Бұл трансфердің тағдыры дүйсенбі күні шешіліп қалуы мүмкін екен.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров