Жарнама
Жарнама

Мо Салах АПЛ-де 18 жыл бұрын орнатылған рекордты жаңартпақ

10.02.2018, 21:49
Жарнама
Жарнама
Ақпан айының бел ортасына да жеткен жоқпыз. Бірақ, мысырлық бір жігіт ағылшын премьер лигасында біраздың мысын басып үлгерді. «Ливерпуль» сапына енді ауысқанда кей білгіштер  «түк пайдасы жоқ желаяқты қайтеді?» деп миығынан күлген еді. Мохаммед болса әр ойын сайын жаңа қырынан танылып, 1995 жылдан бері жаңармаған көрсеткішті қайта жаңғыртпақ.  Ол қандай рекорд? Ағылшын премьер лигасының тарихында бір маусымында тек сол аяғымен 19 гол соққан тек бір ойыншысы бар екен. Ол Робби Фаулер («қызылдардың» даңқты футболшысы).  Бұл көрсеткіш 18 жылдан бері өзгермеген. Ал Салах қазірдің өзінде сол аяғымен қарсылас қақпасын 18 рет  дәл көздеген. Ал жалпы шабуылшы осы уақытқа дейін АПЛ-де 21 гол соғып, 7 мәрте әріптестеріне гол соғу үшін пас берген.

@aibek_kossan

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Канте Францияға қайта ма?
Келесі жаңалық
"Аладоп" 4-шығарылым