Қаржылық қиындық қазақстандық клубтардың ғана басында емес екен, былтыр 250 қызметкерін жұмыстан босатқан «Манчестер Юнайтед» тағы біраз адамды нәпақасынан айырмақ.
Клуб басшылығы енді тағы 150–200 қызметкерді қысқартуды жоспарлауда.
Ағылшындық топ-клуб соңғы бес жылдағы қаржылық шығындардан кейін қайтадан пайдаға шығуды көздеп отырған көрінеді. Осы мақсатта тек сокращение емес, тағы бірқатар іс-шараларды іске асырып келеді кезең кезеңімен - маусым ортасында билет бағасын да көтерді. Енді ең арзан билеттердің құны $81 құрайды.
Қарашада команданы бұрынғы бас бапкері Эрик тен Хагтың орнын Рубен Аморим басқан еді. Алайда, бұл өз жемісін берген жоқ. Англия премьер-лигасының 26 турында әйгілі «Манчестер Юнайтед» турнирлік кестеде тек 15-орында! Тен Хаг жаттықтырған екі жыл ішінде клуб 15 жаңа ойыншыны сатып алу үшін €600 млн-нан астам қаражат жұмсаған болатын. Бұған дейін команда тарихында ешбір жаттықтырушы қысқа мерзімде бұлай шығындалмаған екен.
Былтыр Forbes рейтингіне сәйкес, «Манчестер Юнайтед» әлемдегі ең қымбат клубтардың тізімінде $6,55 млрд бағасымен екінші орыннан көрінген. Ал бұл рейтингтегі бірінші орында $6,6 млрд-пен мадридтік «Реал» тұрғанын өздеріңіз де білетін боларсыздар.
Біздің серіктес: FONBET