Жарнама
Жарнама

Миллионер Рияд Марез бала тəрбиешісімен 4 мың еуроға бола соттасып, ұтылып қалды

27.06.2019, 05:16
Жарнама
Жарнама
"Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Рияд Марез өзі жалдаған бұрынғы бала күтушісі Каталин Мирафлореспен соттасып, ұтылып қалды. Бұл туралы "The Sun" басылымы хабарлайды. Ақпарат көзінің дерегіне сүйенсек, Рияд жəне оның жұбайы Рита өздерінің 4 баласына қараған тəрбиешісінің айлығынан 2018 жылы əр түрлі сылтаумен 4 мың еуро ұстап қалған. Өз кезегінде бұған наразы болған Каталин ханым сотқа шағымданып, өз құқығын қорғап шықты. Енді алжирлік футболшы сот шешіміне сəйкес 4 мың еуроны қайтарады. Оған қоса өтемақы ретінде 167 еуро беруі тиіс. Айта кетейік, Марез "Ман Ситиде" жылына 11.6 еуро жалақы алады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров