Милан мен Ювентус клубтары қорғаушыларын ауыстыруды қарастырып жатыр.
Миланның қорғаушысы Леонардо Бонуччи Ювентуске қайта оралады, Маттиа Кальдара Туриннен миландық клубқа ауысады. Алайда, әр клуб ойыншысы үшін қосымша ақша талап етіп отыр.
Бонуччи былтыр Ювентус сапынан 42 миллион еуроға Миланға ауысқан болатын.
Ал, Кальдараны Ювентус қысқы трансферлік кезеңде Аталантадан 19 миллион еуроға сатып алған еді.