"Милан" Кәрім Бенземаның өкілдерімен келіссөздерін бастады.
Италияндық журналист Джанлуки Ди Марционың хабарлауынша, шабуылшының өкілдері "Миланның" бас бапкері Дженнаро Гаттузо және спорттық директоры Массимилиано Мирабеллимен кездескен көрінеді. Ойыншының өзі "Реал" бұл трансфердің орын алуына еш қарсылық етпейді. "Милан" Бенземаға 9 миллиондық жылдық жалақы ұсынуға дайын екен.