Ақыры дегендеріне жетті!
Санаулы сәттер бұрын Лондонның "Арсеналы" испаниялық маман Микель Артетаның бас бапкер болып тағайындалғанын жариялады. Бүгін екі тарап 3 жарым жылдық келісім-шартқа қол қойды. Айта кетейік, соңғы аптада Мекельдің осы қызметке кірісетіні туралы қызу талқылана бастаған еді.
Бұған дейін испан жаттықтырушысы отандасы Хосеп Гвардиоламен "Манчестер Сити" тізінін ұстаған болатын.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET