Жарнама
Жарнама

Михал Билек: "Деңгейіміз əлі Ресей, Бельгиямен салыстыруға келмейді"

10.06.2019, 22:54
Жарнама
Жарнама
Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек ертеңгі Сан-Мариномен болатын матч қарсаңында дəстүрлі баспасөз жиынын өткізді. -Алдыңғы Бельгиямен болған түздегі матч туралы не айтасыз? Ертеңгі қарсылас Сар-Марино құрамасы туралы не айта аласыз? Біз Бельгиямен ойын қандай қарқында, қалай өтетінін білдік. Матчта алаңға шыққан жігіттерге еш наразылығым жоқ. Бəрі қолдан келгенше тырысып бақты. Бельгия құрамасының деңгейі бізден бір саты жоғары екені жасырын емес. Ал ертеңгі қарсылас тас түйін дайынбыз. Футболшыларым ертең тек 3 ұпай үшін алаңға шығады. - Құрама сапында алғаш рет алаңға шыққан футболшыларымыз туралы қандай ой түйдіңіз? Шынымды айтсам, жаңадан қатарға қосылған барлық ойыншылар жақсы əсер қалдырды. Мəселен, Абат Айымбетов ойынға қосылған беттен барын салып бақты. - Сіз құрамамызбен біршама жұмыс істеп, ресми 3 матч өткіздіңіз. Қазір қандай артықшылық пен кемшілік байқадыңыз? Соңғы екі ойын біздің əлі Ресей мен Бельгия құрамаларының деңгейіне жете қоймағанымызды көрсетіп берді. Ал Шотландиямен жақсы ойын өткіздік. -Осы екі матч қарсаңындағы тізімге Роман Мұртазаевтың қосылмауын қалай түсіндіресіз?  Бұл шешімнің себебі анық əрі бəріңіз де түсіресіздер деп ойлаймын. Қазір Романнан да жақсы ойнап жүрген футболшылар бар. Алаңға сол жігіттер шығатын болады. - Александр Меркельдің екінші ойынға да келе алмауына қатысты  пікіріңіз? Дəрігер оның сырқаты асқынбас үшін ойнауға тиым салды. Міне, осы себепті Қазақстанға келген жоқ.  Бір жағынан өзге футболшыларға да жұқтырып алғанын қалмаймын. -Ресей құрамасы өз алаңында ертеңгі қарсыласымызды өте ірі есеппен (9-0) ұтты. Біздің де Сан-Мариноны осылай ойсырата алуға шамамыз қаншалықты жетеді? Мен үшін ертеңгі ойынның есебі маңызды емес. Тек жеңіске жетсек, 3  ұпайды иеленсек болғаны. Сіздің сұрағыңызға қарап бұл тым сүреңсіз ойнайтын команда демес едім. Мысалы, Шотландиядан 0:1 болып ұтылғанда гол салатын бірнеше жақсы мүмкіндіктері болды. Кейде кез келген деңгейдің командасына сəттілік жетіспей жатады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан-Сар-Марино матчы ертең "Астана-Аренада" кешкі 20:00 - де басталады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

   
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров