Дания Суперлигасының 3-турындағы «Мидтьюлланд» пен «Эсьберг» матчы аяқталды.
«Астананың» қарсыласы 3:1 есебімен жеңіске жетті. «Мидтьюлланд» сапында Густав Викхейм, Якоб Поульсен пен Франк Ониика гол соқты. Ал «Эсьберг» құрамынан Лаша Парунашвили көзге түсті.
Осылайша, «Мидтьюлланд» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін команда бір рет жеңіліп, бір мәрте тең түскен болатын.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матч Данияда 1 тамызда өтеді. Кездесу Астана уақытымен 23:00-де басталады.
Алғашқы ойында «Астана» 2:1 есебімен ұтқан болатын.