УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші турында «Барселона» өз алаңында ПСВ-ны қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті.
«Камп-Ноуда» команда капитаны Лионель Месси хет-трик жасады. 31 жастағы аргентиналық футболшы сөйтіп, Чемпиондар лигасындағы хет-триктерінің санын сегізге жеткізді. Әзірге бір ойында үш гол соғу жағынан Месси озып тұр.
Сондай-ақ Месси 14 маусым қатарынан гол соққан үшінші футболшы атанып отыр. Әзірге көшбасында Райан Гиггз (16) тұр. Екінші орында Рауль (15) бар.
https://youtu.be/5TYNiz3WIaM