Жарнама
Жарнама

Месси Аргентина құрамына шақырылмады

18.08.2018, 03:33
Жарнама
Жарнама
Аргентина ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Лионель Скалони Мессиді құрама сапына шақырмады. Гватемала (7 қыркүйек) мен Колумбияға (12 қыркүйек) қарсы болатын жолдастық кездесулерге "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси шақырылмады. Онымен қоса, Серхио Агуэро, Анхель Ди Мария, Гонсало Игуаин сынды атақтылар да тізімде жоқ болып шықты. Тізімде Ресейдегі Әлем чемпионатына бармай қалған "Интер" шабуылшысы Икарди бар. Шақырылған ойыншылардың толықтай тізімі төмендегідей: Қақпашылар: Ромеро, Рулли, Армани; Қорғаушылар: Меркадо, Агуна, Мори, Пецелла, Салвио, Тальяфико, Каннеманн, Франко, Пласидо, Бустос; Жартылай қорғаушылар: Меца, Варгас, Церви, Васкес, Ло Чельсо, Паредес, Аскасибар, Батталья, Паласиос, Г. Мартинез; Шабуылшылар: Павон, Корреа, Л. Мартинез, Икарди, Симеоне, Дибала.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров