Жарнама
Жарнама

Менен 100 есе көп ақша алатын... ҚПЛ-дегі жергілікті және шетелдік ойыншылардың жалақысы жер мен көктей

01.03.2025, 11:55

«Қайсардың» шабуылшысы Айбар Жақсылықов танымал YouTube-арналарының біріне берген сұқбатында қазақстандық футболшылар меү легионерлердің жалақысындағы айырмашылық туралы айтты.

Айбар Жақсылықов
Жарнама
Жарнама

«Жетісуда» ойнағанда мынадай жағдай болған: маусымда 6 гол салып, енді қазір айта беруге болатын шығар, 200 мың теңге айлық алатынмын. «Жетісу» мен премьер-лигадағы жалақым осындай болатын. Біздің командада легионер Марин Тошев те доп тепті, ол да мен сияқты алты доп соққан, алайда менен 100 есе көп ақша алатын. Тошев екеуміздің көрсеткіштеріміз бірдей болған соң, жаңа маусымда жалақымды көтереді деп күткем, бірақ олай болмады», - деді Қазақстан құрамасының шабуылшысы. 

Айта кетейік, Айбар Жақсылықов ҚПЛ-де жалпы саны 116 матчта өнер көрсетіп, 27 ре мергендік танытқан, 5 ассист берген. 27-жастағы шабуылшының нарықтық бағасы 300 мың еуро. Талдықорған футбол мектебінің түлегі былтыр «қасқырлар» сапында ҚПЛ-де 23 кездесуде доп теуіп, 7 доп салды. Футболшы мен қызылордалық клуб жаңа маусымда келлісімшартын созған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров