Биылғы Франция 1 Лигасының тұсаукесер матчы "ПСЖ" мен "Ренн" арасындағы Суперкубокке таласпен басталды. Тартысты ойында "ПСЖ" 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесуден кейінгі марапаттау рәсімі кезінде Килиан Мбаппе əріптесі Неймарды командалық суретке түсірмей, кадрдан сыртқа итеріп тастады.
Бұған басты ретінде бразилиялық сұрмерген мен Париж клубы арасындағы шиеленіскен қарым-қатынасты айтуға болады. Естеріңізге сала кетейік, Неймар мен "ПСЖ" спорттық директоры Леонардо бір келісімге келе алмай, Неймар Барселонаға қайта оралғысы келетінін айтқан болатын. Жақында ғана клуб басшылығы Неймарды Каталон ұжымына жалға беруге келісім берген-ді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET