Корольдік клубтың бразилиялық қорғаушысы "Реалдан" кетпейтінін мәлімдеді
"Мен Мадридте өзімді бақытты сезінемін, бұл жер менің үйім. Менің "Реалмен" келісімім әлі біраз жылға күшінде, бұл әлемнің ең үздік клубы. Мен жөнінде алып—қашпа әңгімелер өрбуде, мен әлемнің үздік клубында өнер көрсетемін және ешқайда кетпеймін. Мен осындағы жұмысымды жалғастыра беремін. "Реалдың" жейдесіндегі әр ойыннан, жаттығудан, әрбір сәттен ләззат аламын. Мен мұнда мансабымның соңына дейін қаламын, — деді корольдік клубтың сол қаптал қорғаушысы.
Бұған дейін, "Ювентус" Марселоны 50 миллион еуроға сатып алуға дайын, туриндік клубтың қорғаушысы Алекс Сандроға ауыстырады, — деген ақпараттар тараған болатын.
Біздің серіктес: FONBET