Жарнама
Жарнама

Марко Асенсио: "Болашақта "Реалдың" белді ойыншысы боламын"

24.08.2018, 21:32
Жарнама
Жарнама
"Реалдың" жартылай қорғаушысы өз мақсаттарымен бөлісті. "Менің басты мақсатым - "Реалдың" сапында жеңіске жете беру. Болашақта не болары ешкімге аян емес. Осыған дейін "Реал" және Испания құрамасы қатарында маңызды матчтарға қатысу мүмкіндіктерім болды. Сондай ойындарға жиі қатысып, маңызды ойыншы боламын деп үміттенемін. Шабуыл шебінің барлық жерінде өнер көрсетуге дайынмын, алайда бір ғана орында ойнағанды қаламаймын. Маған алаңда еркіндік керек - ойында көп қозғалып, шығармашыл ойын көрсету үшін. Келешекте неден дәмелімін? Оған аса назар аудармауға тырысамын. Ондай сұрақтар туындауы заңдылық, өйткені мен "Реал" сапында өте жақсы екі маусым өткіздім. Болашақтан үмітімді одан ары ақтаймын деген ойдамын", - деді Асенсио.    
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров