Жарнама
Жарнама

Марк Овермас: "де Лигтің трансфері аяқталды"

16.07.2019, 05:22
Жарнама
Жарнама

"Аякс" футбол командасының директоры Марк Овермас қорғаушы Маттейс де Лигтің трансфері жайында тың мәліметпен бөлісті. Бүгін "Voetbal International" порталына берген сұхбатында Овермас былай деді:

"Иә, бұл трансфердің аяқталып, Маттейстің "Ювентус" сапына ауысатыны айқындалып келеді. Қазір бар мәселе банк кепілдемесіне келіп, тіреліп тұр. "Аякс" үнемі бұл жайтқа келгенде мұқият болуға тырысады. Ал қалғанының бәрі тез жүзеге асады деп сенемін".

Ал тағы бір ақпарат көздеріне сенсек, де Лигт 16 шілде күні Туринге медициналық тексерістен өтуге және келісім-шартқа қол қоюға келмек.

"Ювентус" 19 жастағы қорғаушы үшін Амстердам клубына 70 млн. еуро төлеуі мүмкін. Ал қарт сеньора оның құнын жеке келісім-шартта 150 млн. еуро деп белгілемек.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров