La Gazzetta dello Sport-тың мəлімдеуінші, "Ювентуса" шабуылшысы Марио Манджукич ағылшынның "МЮ"-іне ауысуы бек мүмкін. Тіпті ойыншымен "қызыл сойқандар" жеке келісім-шарт бойынша барлық шаруаны тындырып та қойған. Ол бойынша, екі тарап 2 жылға жəне қосымша 1 жылдық ұзартумен келісімге келген. Оған қоса, Марио жаңа клубта жылына 6 млн. еуро көлемінде табыс тапса, трансферге "МЮ" 15 млн. еуро жұмсауы мүмкін.
Алайда, бұл сомма "Ювентус" басшылығын қанағаттандырмауы əбден ықтимал. Себебі, "қарт сеньора" Манджукичті 2015 жылы "Атлетикодан" 21 млн-ға сатып алғал еді.
Естеріңізге сала кетейік, ертеректе Марионы "Бавария" мен "Эвертон" сатып алуға құлық танытқан болатын.
Шамкен Байырбек.
Біздің серіктес: FONBET