Енді "
Астана" сапынан қорғаушысы
Марин Аничич те кетеді. Қазіргі ел чемпиондары "ЧФР"-мен болатын ойын алдында іске қауырт кірісіп кетті.
sportsport.ba сайтының мəліметіне сүйенсек, 29 жастағы босниялық футболшы "Астана" сапынан Түркияның "
Коньяспорға" ауысады. Негізі Мариннің келісім-шарты 2019 жылдың соңына дейін жарамды болатын. Сондықтан, "Астана" бұл трансферден өз үлесін алады. Transfermarkt.de бағалауынша, оның қазіргі құны 1.6 млн. еуро.
Аничич Елорда клубына 2014 жылы ауысқан-ды. Сол уақыттан бері клуб үшін 197 ойын өткізіп, 11 гол мен 8 нəтижелі пас берген.
Шамкен БАЙЫРБЕК.