УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі асындағы АПОЭЛ - «Астана» ойыны алдында елорда командасының қорғаушысы Марин Аничичтің қатысуымен баспасөз жиыны өтті.
- Бізді ертең өте қиын күтіп тұр. Біз қарсыластың қарымы қаншалықты екендігін жақсы білеміз. Себебі, біздің жолымыз еурокубоктерде үшінші рет тоғысып отыр. Қарсылас команда сапына көптеген жаңа ойыншылар келді. Дегенмен, біз ертеңгі ойында жақсы нәтижеге жетіп, Еуропа Лигасының топтық кезеңге жолдама алу үшін барымызды салатын боламыз.
- Алған жарақатыңыздан толықтай айығып үлгердіңіз бе?
- «Динамо Загребке» қарсы алғашқы кездесуде жарақат алып қалдым. Қазір, менде барлығы өте жақсы. Командамен бірге, толық жаттығу жұмыстарын өткізіп жатырмын.
- Сіз осыған дейінгі АПОЭЛге қарсы кездесулерде алаңға шығып, тіпті гол соққан едіңіз. Қазіргі команда қаншалықты өзгерген?
- АПОЭЛ сапында жеке шеберліктері өте жоғары ойыншылар жетерлік. Сондықтан, бізді қиын ойын күтіп тұр. Дегенмен, біздің ертеңгі ойынға құрған өз жоспарымыз бар.
- Ауа-райының қатты ыстық болуы ойынға кері әсерін беруі мүмкін бе?
- Біз Кипрге екі күн бұрын ерте келдік. Сондықтан, жергілікті ауа-райына бейімделіп үлгердік десем болады. Ертең барынша жоғары деңгейде ойын үлгісін көрсетуге тырысамыз.
fcastana.kz